Ел тынысы

Астаналық гимнаст әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Болгарияның София қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әлем чемпионатына 64 елдің спортшылары қатысты. Турнирдің жеңімпазы астаналық спортшы Ақмарал Ерекешева болды. Ол жарысқа қатысып, үш финалға өтті. Әр финалда ол жүлдеге ие болды.

Ақмаралдың жүлдесі – екі алтын және бір күміс медаль. Алдымен Ерекешева доппен жаттығу бойынша жеңіске жетіп, кейін лента жаттығуының финалында да топ жарды. Күміс медальді ол шеңбермен жаттығуда жеңіп алды.

Сонымен қатар, жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір астаналық спортшы – Айғаным Рысбек өнер көрсетті. Ол ұршықпен жаттығуда бесінші орын иеленді.

Айта кету керек, Ерекешеваның алтын медалі тарихи болып саналады. Бұл – Қазақстанның жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button