Ел тынысы

Астанаға Халықаралық әскери спорт кеңесінің президенті келді

Елорда халықаралық әуежайында полковник Нилтон Гомес Ролим Фильоның басшылығымен келген Conseil International du Sport Militaire (CISM) делегациясын салтанатты жағдайда қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құрметті қонақтар әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады.

Бразилия Қарулы күштерінің полковнигі Нилтон Гомес Ролим Фильо 2023 жылдан бері Халықаралық әскери спорт кеңесін (CISM) басқарып келеді. Оның басшылығымен ұйым қарулы күштер арасындағы достықты, ынтымақтастықты және бейбітшілікті спорт арқылы белсенді түрде ілгерілетіп жүр. Оның бұл сапары чемпионаттың жоғары мәртебесі мен маңыздылығын айғақтайды.

Conseil International du Sport Militaire Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі әлемдегі екінші маңызды спорттық ұйым екенін айта кету керек. Ол әлемнің 140-қа жуық елінің қарулы күштерін біріктіреді. CISM әлемдік әскери ойындар мен түрлі спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттары мен кубоктарын ұйымдастырады. Кеңестің штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан.

Бүгін Астанада қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы бірінші Әлем чемпионаты бастау алды!
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген балуандар бозкілемде күш сынасуға дайын. Қазір дене қыздыру сәті!

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатына келген Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport militaire) президенті Нилтон Ролим Гоместі елорда әуежайында қарсы алды. Құрметті қонақ халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады. Мәртебелі мейманды қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ және қымызбен қарсы алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button