Денсаулық

Астанаға флувир мен флукаптың 4 мыңнан астам қорабы жеткізілді

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тұмау маусымы басталғаннан бері сұранысы артқан флувир және флукап препаратының мемлекет бекіткен шекті бағасы бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— Астанада флукап және флувир перпаратының тапшылығы туралы шағым көп айтылып жатыр. Қалай шешіп жатырсыздар? — деп сұрады БАҚ өкілі.

Комитет басшысы аталған дәрілерді қандай желілерден сатып алуға болатынын айтты.

— Жалпы вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті мөлшерде. Бірақ соңғы күндері сіз атаған екі препаратқа өте үлкен сұраныс туындап жатыр. Сол себептен біз дәріханалармен келіссөз жүргіздік. Қазір дәріханалар қосымша партиялар әкеліп жатыр. Бізге түскен ақпарат бойынша бүгін Астана қаласындағы Zerde, «Медсервис+», «Аманат» сияқты ірі дәріхана желілері осы дәрілерді алып келді. Дәріханаларға таратып жатыр. Басқа дәріханаларға да осы дәрілердің қорын жасау туралы ұсыныс бергенбіз, — деді ол.

Айтуынша, аталған дәрілерді қазақстандық зауыттар да шығарады.

— Негізі бұл флувир мен флукап Үндістаннан шығады. Біздің отандық өндірушілер де осы препаратты шығарады. Астанада қазір бірнеше дәріханада аталған дәрілер бар. Ірі дәріхана желілері қосымша тапсырыстар беріп жатыр. Мендегі ақпарат бойынша қазір Астана қаласында аталған дәрілердің 4-5 мың қорабы бар. Бұл дәрілердің шекті бағасы бекітілген. Сол дәлізде сатылу керек. Егер шекті бағадан жоғары болса, біздің комитеттің жергілікті департаменттеріне шағым түсіре алады. Сол шағым бойынша тексереміз, — деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button