Қоғам

«Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жоба басталды

«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жобаны қолға алды. Жоба өскелең ұрпақ арасында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға, елордаға деген қызығушылықты, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді арттыруға бағытталған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2025 жылғы шілде айынан бастап тамыздың соңына дейін елорданы еліміздің барлық өңірінен келген 500 бала аралайды.

Турға қатысушылар – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер.

Алғашқы топ – Абай және Қызылорда облыстарынан келген 80 оқушыдан құралған. Олар Астанаға келіп, арнайы дайындалған үш күндік мазмұнды экскурсиялық бағдарламаға қатысуда. Бағдарлама аясында балалар «Астана-Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі сынды маңызды көрікті жерлерді аралап, елорданың мәдени нысандарымен танысады.

Сонымен қатар балалар үшін түрлі ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады: океанариум, «Джунгли» балалар орталығы, батут паркі, сондай-ақ Есіл өзенінде теплоходпен серуендеу бар.

Турды ұйымдастыруға қатысты барлық шығын – көлік, тұру, тамақтану және экскурсиялық қызмет көрсету «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығының есебінен қаржыландырылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button