Қоғам

Астанадағы жылыжайдан күніне 3-4 тонна қияр жиналады

Елордалық жылыжайдан күн сайын шамамен 3-4 тонна көлемінде қияр жиналады. Бұл туралы Астананың №1 Индустриялық паркінде орналасқан Жылыжай кешенінің бас агрономы Айбол Рамазан мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні. Бұл ретте Астананың суығына қарамай, 12 ай бойы көкөніс өнімдерін жинауға мүмкіндік беретін Жылыжай кешенінің бас агрономы Айбол Рамазанмен сұхбат құрдық. Ол бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарып келеді.

«Біз жылыжайымызда негізінен қияр көкөніс дақылын өсіреміз. Одан басқа қызанақ бар және осы жеті жылдың көлемінде құлпынай, бақшалық бүлдірген, салат жапырақтарын өсірдік. Жалпы, өндіріс қуатына келсек, біздің өніміміз Астана қаласы бойынша таратылады. Күніне шамамен 3-4 тонна көлемінде қияр жинаймыз», — деді Айбол Таңатұлы.

Оның сөзінше, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агрономиялық жұмыстардың және осындай жылыжай кешендерінің атқаратын рөлі зор әрі ерекше маңыздылыққа ие.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button