Қоғам

Елордадағы жылыту маусымы: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

Астанада аяздың алғашқы күндері басталды, синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ауа температурасы -25-26 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасап, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құтқарушылардың ескертуі бойынша, жылу беру маусымында үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ерекше маңызды.

Өрттің алдын алу және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін:
• пештің жылу жүйесінің, газ және электр жылытқыштарының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру; • тек сертификатталған, ақаусыз құралдарды пайдалану; • электр желісін шамадан тыс жүктемеу, құралдарды қараусыз қалдырмау; • жылытқыштарды жанғыш заттар мен материалдардан қауіпсіз қашықтықта орналастыру; • қолмен жасалған немесе зақымдалған жылытқыштарды қолданбау; • құбырларды уақытылы тексеру және тазалау.

Еске сала кетейік, жылу құралдарын дұрыс пайдалану – қауіпсіздіктің кепілі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button