Құқық

Астанадағы колонияда күн сайын 5 тоннадан астам ұн өндіріледі

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде ұн тарту цехы жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3 мекемесінің базасында жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырған жемдік ұн өндіру бойынша ұн тарту цехы табысты жұмыс атқаруда.

Өндіріс процесіне тұрақты еңбекпен қамтылған 9 сотталған тартылған. Тәуліктік өндіріс көлемі шамамен 5 тоннаны құрайды. Өнімді өткізу Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, сондай-ақ одан тыс жерлерде жүзеге асырылады.

Цехтың қызметі сотталғандарды еңбекке тартуға, олардың қайта әлеуметтенуіне, сондай-ақ шағын бизнестің дамуына және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button