Астанада қала тұрғындарына қолайлы болу мақсатында Мансап орталығы енді үш жерде ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мансап орталығы мына орындарда жұмыс істейді:
• Есіл – Нұра аудандарының Мансап орталығы (Достық даңғылы, 13);
• Сарыарқа – Байқоңыр аудандарының Мансап орталығы (Бейбітшілік көшесі, 9);
• Алматы – Сарайшық аудандарының Мансап орталығы (А. Байтұрсынұлы к., 29/2).
Үш ай ішінде Мансап орталығының жұмыспен қамту шараларымен 5 160 адам қамтылды, оның ішінде 2560-ы – жастар.
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша айлығы 130 мың теңге болатын жұмыс ұсынылады. Қазіргі уақытта 400-ден астам жұмыс беруші Жастар практикасы бойынша 1500 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.
50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылады. Бұл бағдарлама аясында 3 жылға дейін жұмысқа орналастырып, мемлекет тарапынан жалақының 70%-ына дейін субсидия беріледі.
Кадрларға қажеттілігі бар жұмыс берушілер қысқа мерзімді курстар арқылы мамандар даярлауға өтінім бере алады.
Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1 900 ұйымнан 5 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған.



