Қоғам

Астанада жазғы лагердің алғашқы ауысымы аяқталды

Астана қаласында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында ашылған мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші ауысымы өз жұмысын сәтті аяқтады. Бірінші маусымда 69 544 оқушы түрлі бағыттағы танымдық бағдарламалармен қамтылып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Балалар этнолагерь «Атамекен», IT бағыты бойынша «Digital Generation», достық пен бірлікке үндейтін «Досболайық», экологиялық бағыттағы «Жасыл әлем», танымдық саяхаттармен ерекшеленетін «Жас саяхатшы», кітап оқуға құштарлықты арттыратын «КітапLIKE» және кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Профквест» секілді арнайы лагерьлерде тәрбиелік және дамытушылық мәні зор іс-шараларға белсенді қатысты.

Алдағы екінші және үшінші ауысымда мектеп жанындағы және бейінді лагерьлер өз жұмыстарын жалғастырады.

Жалпы, 2025 жылғы жаз мезгілінде елорданың 1-10 сынып аралығындағы 210 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік осал санатқа жататын 11 мыңнан астам бала да тегін демалыс мүмкіндігіне ие болады.

Балалардың жазғы тынығуын ұйымдастыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
• 92 мектеп базасындағы мектеп жанындағы лагерьлер – 55 200 оқушыны қамтиды;
• 192 бейінді лагерь – 11 520 балаға арналған;
• 10 жобалық лагерь – 142 298 оқушыны қамтиды;
• қала сыртындағы лагерь – 1 400 балаға есептелген;
• қосымша ретінде 4 000-нан астам бала қала сыртындағы демалыс орындарына жіберіледі.

Сонымен қатар, елорданың 13 қосымша білім беру ұйымы негізінде шет тілдері, қолданбалы өнер және жүзу секілді бағыттар бойынша қысқа мерзімді үйірмелер мен тақырыптық күндізгі лагерьлер ұйымдастырылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button