Қоғам

Астанада жастар арасындағы баскетбол турнирі аяқталды

Елордада «Чемпиондық рух» жобасы аясында 3×3 форматы бойынша жастар арасындағы баскетбол турнирі мәресіне жетті. Финалдық ойындар «Жастар» сарайында өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнирді «Жастар Рухы» жастар қанаты Байқоңыр ауданы әкімдігінің, AsylQala компаниясының және Q88 аумақтардың тұрақты дамуы қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырды.

Жарысқа Астана мен еліміздің өңірлерінен 60-қа жуық команда, 300-ден астам қатысушы жиналды. Бұл турнир жастардың белсенділігін, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттаудың айқын үлгісіне айналды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Турнир достық пен бәсекелестік рухында өтіп, елордалық жастар үшін елеулі оқиға болды. «Чемпиондық рух» жобасына қатысушылар арасында спорттық рух пен бірлікті нығайта түсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button