Елорда тынысы

Астанада «ЖасStar» студенттік КВН лигасының фестивалі өтеді

Бүгін Астана қаласындағы «Жастар» сарайында «ЖасStar» студенттік КВН лигасының ауқымды фестивалі өтеді. Іс-шараның басты мақсаты – шығармашыл жастарды қолдау, әзіл-сықақ жанрын дамыту және жаңа таланттарды анықтау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Фестивальді Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» МКҚК және студенттермен жұмыс бағытында «Басқару колледжі» ЖШС бірлесіп ұйымдастыруда.

«ЖасStar» фестивалі – бұл жай ғана ойын емес, жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Мұнда жаңа есімдер қалыптасып, шығармашылық әлеует ашылып, үлкен сахнаға алғашқы қадам жасалады.

Фестиваль аясында сағат 12:00-ден бастап келушілер үшін интерактивті және ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда:
— Drone Soccer
— PS5 платформасында Jenis Cup турнирі
— робототехника көрмесі
— ұлттық ойындар (асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ)
— спорттық белсенділіктер (турник, гір көтеру) және өзге де ойын-сауық түрлері

Негізгі КВН ойыны сағат 17:00-де басталады. Кештің жүргізушісі – «Астана KZ» командасының мүшесі, Жоғары лига ойыншысы, танымал тележүргізуші Нұржан Бейсенов.

Қазылар алқасының құрамында КВН саласында танымал тұлғалар мен медиа өкілдері болады.

Аталған фестиваль жастар аудиториясына бағытталған және шығармашылықты, спортты және ұлттық құндылықтарды біріктіретін заманауи мәдени алаң қалыптастыруды көздейді.

Іс-шара «Адал азамат – біртұтас ұлт» тәрбие бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясында өткізілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button