Елорда тынысы

Астанада жаңа кәріз тазарту құрылысы салынып жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан кәріз тазарту құрылысы жайлы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазіргі уақытта шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№1 КТҚ) тазартылады.

Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді. Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді.

Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. №2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ құрайды. Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button