Ел тынысы
Астанада волейболдан Қазақстан кубогы өтеді

11-19 желтоқсан күндері елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер арасында волейболдан Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнирге еліміздің ең үздік сегіз командасы қатысып, маусымның бас жүлдесін сарапқа салады. Көрермендерді тартысты матчтар, жарқын эмоциялар және үлкен спорттық бәсекенің ерекше атмосферасы күтіп тұр.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі БАҚ өкілдерін, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарын жарысты тамашалап, командаларды қолдауға шақырады.



