Қоғам

Астанада тағы үш мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Астанадағы №23, №29 және №60 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Осылайша, Астана мектептеріндегі мұндай кеңістіктердің жалпы саны 21-ге жетті. Нәтижесінде 1054 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы заманауи жағдайларда білім алып, бейімделу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Инклюзивті кабинеттер құрамына логопед, дефектолог және психолог бөлмелері, қыш шеберханасы мен емдік дене шынықтыру кабинеті кіреді. Бұл арнайы аймақтар балалардың қажетті дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектеп ортасында құрдастарымен бірге әлеуметтенуіне ықпал етеді. Мұндай формат дәстүрлі білім беру мен түзету сабақтарын біріктіріп, оқытуды қолжетімді әрі жайлы етеді.

Айта кетерлігі, инклюзия кабинеттерінде ерекше балалардың қабілетіне қарай ерте кәсіптік мамандықтарға бейімдеу жобалары да енгізіліп жатыр. Бұл бастама олардың болашақта еңбек нарығына дайындалуына, әлеуетін толық ашуына жол ашады. Жоба тұжырымдамасы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Қор инклюзия саласындағы отандық сарапшылармен бірлесіп, балаларға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған жүйелі жұмыстарды атқарып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button