Қоғам

Астанада тағы автобус апаты болды

Елордада жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқты. Жол апатынан зардап шеккен жандар бар. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

– «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі Республика даңғылы бойымен келе жатып, оңға бұрылу кезінде жолаушылар автобусымен соғысты. Жол апаты салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алды. Жолаушылар медициналық көмек алып, кейін үйлеріне жіберілді, – деген хабар алдық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.

Бірнеше күн бұрын Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соқтығысқаны анықталды.

Жол апатынан бір зардап шегушінің жағдайы ауыр екені, ота жасалатыны айтылды. Кейін зардап шеккен 1 жолаушының аяғына ампутация жасалғаны белгілі болды.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button