Қоғам

Елордада таэквондодан халықаралық Kazakhstan Open турнирі өтеді

Халықаралық рейтингтік турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14-16 тамыз күндері болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енген жарыс үш жас санатын қамтиды. Онда жасөспірімдер, жастар және ересектер сынға түседі. Оған 750-ден астам спортшы қатысатынын растады.

Дүбірлі додаға Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебедегі (AIN) спортшылар келеді деп жоспарланып отыр.

Турнир барысында Олимпиада чемпиондары мен әлемдік таэквондо жұлдыздары бақ сынайды. Жарыс жаңартылған халықаралық ережелерге сай, KPNP K-2 жүйесі арқылы өткізіледі.

Аталған іс-шараға Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті доктор Чунгвон Чо, Азия таэквондо одағының президенті мен World Taekwondo кеңесінің мүшелері қатысады деп күтілуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 15 808 000 теңге.

Еске салсақ, бұдан бұрын ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Самирхон Абабакиров чемпион атанды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button