Қоғам

Астанада сиыр етін белгіленген бағада сату акциясы басталды

Астана қаласындағы Magnum, Small және «Анвар» ірі сауда желілерінде сиыр етін белгіленген бағада сату акциясы басталды. Бұл туралы  astana-akshamy.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді сиыр етінің бір келісі 3 800 теңгеден аспайтын бағада, ал әлеуметтік маңызы бар бөліктерін (жауырын-төс бөлігі) – бір келісі 3 335 теңгеге дейінгі бағада, Magnum сауда желісінде 2 650 теңгеден сатып алуға болады. Бұл ретте осы сауда желілерінің супермаркеттерінде акциялық сиыр етімен қатар басқа жеткізушілердің фермерлік еті нарықтық бағада әлі де қолжетімді болады.

Бұл акция – Сауда желілері Одағының елорда әкімдігімен, Сауда және интеграция министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен уағдаластықтарының нәтижесі. Мемлекеттік органдардың қолдауымен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан отандық өндірушілерден тікелей ет жеткізу ұйымдастырылды, бұл бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Акция мемлекеттік органдардың көмегімен жеткізілетін сиыр етіне ғана қолданылады және тек қана стационарлық супермаркеттерде қолданылады – онлайн-тапсырыстарға қолданылмайды. Белгіленген бағада сатуға арналған сиырдың тұтас етінің алғашқы топтамасы акцияға қатысатын сауда желілерінің супермаркеттеріне жеткізілді. Magnum желісінде белгіленген бағада сиыр еті Астана қаласы, Тұран даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан супермаркетте ғана қолжетімді болатынына назарларыңызды аударамыз.

Қазіргі уақытта Magnum сауда желісі Сауда және интеграция министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен сиыр етінің бір келісі 2900 теңгеден жеткізу туралы меморандум жасасу жөнінде келіссөздерге бастамашылық етті, бөлшек сауда желісі бағасы 3 700 теңгеден аспайды. Бұл ретте Magnum сауда желісіндегі әлеуметтік маңызы бар бөліктердің (жауырын-төс бөлігі) құнының келісі 2 650 теңгеден аспайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button