Астанада резидентура бойынша әкімдіктің грант иегерлерінің тізімі бекітілді

Астанада медицина саласында резидентура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қаласы әкімдігі 2025-2028 оқу жылдарына арналған резидентура бойынша Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімін бекітті. Бұл шешім «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес қабылданды.
Грант иегерлерінің толық тізімі.