Қоғам

Астанада Құштар қойылымының премьерасы өтті

«ÓzgeEpic» креатив хабының аутизм тақырыбын көтерген  еліміздегі алғашқы спектаклі —  Құштар қойылымының премьерасы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жобаның мақсаты – заманауи қоғамдағы аутизм тақырыбына назараудару, өнер тілі арқылы әлеуметтік теңдік пен өзара түсіністікқұндылықтарын дәріптеу. Қойылым қоғамда инклюзия мәдениетінқалыптастырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік өміргебелсенді тартуға үндейді. Сондай-ақ спектакль өнердің мәденитрансформация мен әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші ретіндегіәлеуетін көрсетуді көздейді.

Жоба мазмұны қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге негізделіп, ғылыми, әлеуметтік зерттеулермен ұштасқан. Туындыда ана мен аутизм спектрі бар баланың қарым-қатынасы түрлі қырынан көрсетіліп, көрерменді терең ойға жетелейді.

Пьеса «ÓzgeEpic» креатив хабының, Сенат жанындағы Сарапшыларклубы мен «Талдау мектебі» түлектері бірлесе құрған Creativity SupportTeam – Креативті қолдау тобының бастамасы аясында жүзегеасырылған.

Жобаны жүзеге асыруға 20-дан астам кәсіби сала мамандарыатсалысты. Атап айтқанда, психологтар, отбасылық кеңесшілер, инклюзивті білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері, әлеуметтанушылар, экономистер мен заңгерлер бірлесе жұмыс істеді. Сарапшылар ресми деректерге сүйене отырып, зерттеу жүргізіп, өзтәжірибелері мен практикалық кейстерімен бөлісті.

Жоба жетекшілері – «ÓzgeEpic» креатив хабының негізінқалаушылар — Мақпал Жұмабай мен Тоғжан Құрманжанқызы.

Драматург – драматург Әлішер Рахат.

Пьеса режиссері – Шырын Мұстафина.

«Құштар» қойылымы – қоғамдағы инклюзия ұғымын кеңіненталдап, әлеуметтік әділеттілік пен өзара сыйластық құндылықтарынілгерілетуге бағытталған мәдени бастама.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button