Қоғам

Астанада «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді

«Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында 14 қараша күні «Құқықтық дәріхана» атты кезекті қалалық акция өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында қалалық прокуратура, Астана әкімдігі және мемлекеттік органдардың бірлесуімен ұйымдастырылып отыр. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және құқықтарды қорғау тетіктерін кеңінен жеткізу.

Акция барысында тұрғындар тұрғын үй, медицина, білім беру, кәсіпкерлік және өзге де салаларға қатысты сұрақтарын қоя алады.

Мемлекеттік органдардың мамандары 14 қараша күні сағат 16:00–18:00 аралығында «Mega Silk Way» орталығында кеңес береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button