Мәдениет

Астанада қоғамдағы рухани құндылықтар талқыланды

«Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз Қазақстанда Мәдениет және салт-дәстүр күні атап өтіледі. Осыған орай бүгін елордада «Ұстаным» пікірталас клубы «Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер – қоғамдық дамудың ресурсы» тақырыбында жиын ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлік азаматтық альянстар жетекшілері, сондай-ақ қаламгерлер мен сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың қоғамдық бірлікті нығайтуға ықпалы, елдің мәдени мұрасын сақтаудың маңызы талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша ұлттық дәстүрлерді сақтау және оларды заманауи тұрғыда қайта зерделеудің мәні, жастар тәрбиесіндегі рөлі, мемлекет пен азаматтық қоғам күшін біріктірудегі орны ерекше атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button