Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтеді

Қазақстан машина жасаушыларының форумы – мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы. Мұнда машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыты қалыптастырылады. Форум аясында мемлекеттік өнеркәсіптік саясат тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру шаралары, технологиялық жаңғырту және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Форумға 1 000-нан астам қатысушының, оның ішінде 20-дан астам елден келген мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ірі тұтынушылар мен машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың қатысуы күтілуде.
Форум аясында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау саласының әртүрлі бағыттарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылатын «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.
Форум бағдарламасы мен қатысушыларды тіркеу Қазақстан машина жасаушыларының одағы сайтында www.smkz.kz сайтында қолжетімді:



