Қоғам

Астанада Қарттар күніне орай мейірімділік челленджі басталды

Бүгін Қазақстанда Қарттар күні атап өтіліп жатыр. Осы мерекеге орай елорда тұрғындары – балалар да, ересектер де алғыс айтуға арналған ерекше челленджді бастады. Қатысушылар әжелері мен аталарына, ата-аналарына, аға буын ұстаздарына арнап құттықтау бейнероликтер, фотолар және хаттар жариялап, олардың қамқорлығы мен еңбегіне, даналығына ризашылықтарын білдіруде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акция аз уақыт ішінде ерекше толқын тудырды: мектеп оқушылары әжелерінен үйренген құнды сабақтарын айтса, ересектер ата-аналарына қолдау көрсетіп, өмірлік үлгі болғандары үшін алғыс айтып жатыр. Ал ең кішкентайлары өздерінің суреттері сыйлап, ән салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, челлендждің басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғау, үлкендерді құрметтеудің маңызын еске салу және олардың әрқашан отбасының сүйіспеншілігі мен назарында екендігін көрсету.

Еске сала кетейік, Астанада Қарттар күніне орай мыңдаған қала тұрғынының басын қосқан мерекелік шаралар өтіп жатыр. Концерттер, ұлттық ойындардан жарыстар, шеберлік сабақтары, шығармашылық көрмелер мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарындағы ашық сабақтар елордалықтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button