Астанада қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ірі форум өтеді

Астанада қалдықтарды қайта өңдеу және «жасыл» энергия бойынша ірі форум өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» (GEWR) Еуразиялық бизнес-форум – Орталық Азиядағы қалдықтарды басқару және жаңартылатын энергияны дамыту мәселелеріне арналған ең ірі алаң. Форум 2016 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және жасыл энергетика мен қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жетекші мамандарды, сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, өнеркәсіп пен бизнес өкілдерін біріктіреді.
Қалдықтарды басқару, тұрақты даму және экологиялық тиімді шешімдерге мүдделі барлық тараптарды форумға қатысуға шақырамыз.
Форум аясында қатысушылар үздік тәжірибе алмасып, табысты кейстерді ұсынады және өндірістік әрі тұтынушылық қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологиялары мен жасыл энергетика саласындағы инновациялармен бөліседі.
GEWR – ашық диалог пен бірлескен шешімдер қабылдауға арналған беделді халықаралық алаң.
Өтетін күндері: 2025 жыл 3-4 шілде
Толық ақпарат пен тіркелу: https://gewr.kz
Қатысу бойынша: infogewr@gmail.com