Қала мен сала

Астанада қалалық орта қарқынды түрлендірілуде

Астанада қалалық ортаны абаттандыру және көгалдандыру жұмысы қарқынды жалғасуда. Бұл жұмыс елорданың барлық ауданында жүріп жатыр. Аулалар кешенді түрде жаңартылып, қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақтары жасақталуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қалалық аулаларда инфрақұрылымның жаңа элементтері – жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, ойын және спорт алаңдары, шағын сәулет нысандары орнатылуда. Әсіресе көгалдандыруға басымдық беріліп отыр: ірі көшеттер, көпжылдық бұталар отырғызылып, демалысқа арналған жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасуда.

Биыл қалада 1 миллион жасыл желек (ірі ағаштар, көшеттер, бұталар және т.б.) отырғызу жоспарланған. Атап айтқанда, Мәңгілік ел даңғылы (Ұлы Дала даңғылынан Кабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық) мен Есіл өзені бойындағы саябақ кластері – Бейбітшілік және келісім саябағы, Триатлон саябағы, Президенттік саябақ және «Қалалық романс» саябағы абаттандырылуда. Сондай-ақ Кабанбай батыр даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі Есіл жағалауын абаттандыру басталып, мұнда жаңа демалыс аймақтары мен спорттық инфрақұрылым пайда болады.

LRT желісі бойындағы көгалдандыруға ерекше мән берілуде, атап айтқанда Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы бойында 7500 ағаш отырғызылып, эстакада астында қоғамдық кеңістіктер жасақталмақ. «Хан Шатыр» СОО артында Greenline жаяу жүргіншілер бульвары жалғасады. Оның алғашқы бөлігі Күлтегін көшесінен Анет баба көшесіне дейін созылып, серуендеуге арналған жайлы жасыл кеңістікке айналады.

Сондай-ақ жаңа учаске Қ. Мұхамедханов, Күлтегін, Сығанақ және Әнет баба көшелері арасындағы аумақта пайда болады.

Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы, 34/1, Мүсірепов көшесі, 6/4 және 5, Абылай хан даңғылы, 19/3, 19, Рысқұлбеков көшесі, 16/1, 16/3, 8/1, 8/7, Мұстафин көшесі, 21/3 және 21/2, Құдайбердіұлы даңғылы 19/2, 24, Манас көшесі, 20/2 және 20/1, Күйші Дина көшесі, 42/2, 40, 23, Жұмабаев даңғылы, 1, 16/1, 16/2, Романтик көшесі, 27 мекенжайларында орналасқан 24 аула ашылды. «3 гектар» ТК мен «Ақ мешіт» мешіті арасындағы бос жер телімінде жаңа қоғамдық кеңістік құрылды.

Байқоңыр ауданында 18 аула ашылып, 40 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Ахмет Жұбанов көшесіндегі бос жатқан аумақта жаңа сквер, Абай даңғылында «Коммуналдық қызметкерлер» сквері ашылды. Қазір Абай даңғылы (Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін) мен Баянауыл көшесінде (Ғабдуллин көшесінен Иманбаев көшесіне дейін) абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сарайшық ауданында 10-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды. Жұмыстар ойын және спорт алаңдарын орнатуды, аумақты көгалдандыруды және балалар мен ересектерге арналған жайлы демалыс аймақтарын жасауды қамтыды. «BRAVO FAMILY» ТК жанында және «HighVill» мен «Гранд Астана» ТК айналасында қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Сарайшық ауданында еңбек пен жұмысшы мамандықтарының маңыздылығына арналған «Кәсіпкерлер аллеясы» тақырыптық сквері жобасы іске асуда. Жоба аясында тас төсеу, аумақты көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату көзделген.

Сарыарқа ауданында 22 аула мен 3 қоғамдық кеңістік ашылды. Олардың қатарында Алтынемел мен Гёте көшелерінің қиылысында бұзылған ғимарат орны, Ы.Дүкенұлы көшесіндегі «Иллюзия» сквері және Республика даңғылы, 7/2 мекенжайындағы сквер бар.

Нұра ауданы тұрғындары үшін қайта жаңғыртудан өткен Орталық саябақ ашылды. Сондай-ақ Тұран даңғылы, 56 және Ш.Айтматов көшесі, 31 мекенжайларында екі жаңа аула пайдалануға берілді. Бұған дейін ауданда тағы сегіз аула абаттандырылған болатын: Мәметова көшесі, 2, 2/1, 8, 10; Сығанақ 14, 18; Әнет баба, 11/2, 11/3; Қ.Мұхамедханов, 28, 28А, 28Б. Үркер тұрғын алабында №69 мектеп-гимназиясының артында, «Нұра» ФОК жанында және «Айғыржал» скверінде үш сквер абаттандырылды.

Есіл ауданында 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» аясында алты бастама жүзеге асуда. «Comfort Town», «Астана Жұлдыз» ТК және Мәңгілік Ел даңғылындағы аулалар жаңартылып, ашылды. Кешенді абаттандыру жұмысы жүргізілді: балалар алаңдары жаңартылып, тартан жабыны төселіп, шағын сәулет нысандары орнатылып, футбол алаңы жабдықталды. Сондай-ақ Достық, Қазақ радиосы, Керей-Жәнібек хандар, Түркістан, Гейдар Әлиев және Қабанбай батыр көшелерінің бойындағы сегіз қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мыңдаған түрлі ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар, жеке құрылыс салушылардың бастамасымен «Altyn Adam» ТК қарсы бетінде жаңа саябақ салынып жатыр. Қазір саябақта габион террасалармен көмкерілген ішкі су айдыны абаттандырылуда. Жоба аясында су арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу көзделген. Ол келушілерге суды түрлі ракурстан тамашалауға мүмкіндік береді. Жағалауда су көрінісіне бағытталған пирс пен шағын амфитеатр, құстар ұя салуға арналған екі арнайы аралша пайда болады. Бұл жергілікті фауна үшін қолайлы орта қалыптастырады.

Сондай-ақ саябақта үш деңгейлі бақылау алаңы, балалар алаңы, екі теннис корты, футбол алаңы және төрт коммерциялық нысан салу жоспарланған. Оған қоса ондаған түрлі ағаштар мен бұталар отырғызылып, аумақ одан әрі жасыл әрі тартымды болмақ. Барлық жұмысты 2025 жылдың қазан айында аяқтау көзделген.

Айта кетейік, Астанада биыл шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылмақ.

Жұмыстар қаланың барлық аудандарын, соның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button