Қоғам

Астанада қалалық чемпионат басталды

Елорданың «Жеңіс» спорт кешенінде спорттық гимнастикадан ашық қалалық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Турнирге қатысушылар мен көрермендерге Астана қаласының гимнастикалық спорт түрлері федерациясының атқарушы директоры Ақтөре Сапабеков құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Чемпионатқа әртүрлі спорт мектептері мен секцияларының атынан Астана мен Павлодардан 100-ге жуық жас спортшы қатысады.

«Қалалық ашық чемпионатқа 46 ұл мен 52 қыз бала қатысады. Сондай-ақ, бізге Павлодардан келген команда қосылды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионатына қатысу үшін құрама құрылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақтау және Семей қалаларында өтетін чемпионаттарда елорданың атынан қатысады», – деді спорттық гимнастика бойынша жаттықтырушы Арайлым Хансейітова.

Чемпионат елордада спорттық гимнастиканы дамыту, сондай-ақ жас спортшылардың дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Жарыс күні бойы жалғасады. Қатысушылар әртүрлі снарядтарда өнер көрсетіп, шеберліктерін танытты. Қорытындысы бойынша өздерінің жас санаттарындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button