Қоғам

Елордада «Поттер пойызы» алғаш рет сапарға шықты

Астанада отбасылық мәдени-ойын-сауық жобасы — *«Поттер пойызы»* өзінің алғашқы сапарына аттанды. Екі сағатқа созылған бұл ерекше *саяхатқа 300-ден астам* жолаушы, оның ішінде балалар мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сиқырлы пойыз 6 вагоннан тұрады. Әр вагонда жолаушыларға арналған жеке қойылым көрсетіліп, барлық вагонда бір мезгілде театрландырылған бағдарлама жүргізілді. Осы сапарда шамамен 15 актер Гарри Поттер әлемінің ең танымал кейіпкерлерін сомдады.

Жолаушылар пойыз ішінде Гарри Поттерді, Гермиона Грейнджерді, Драко Малфойды, профессор Дамблдорды, Северус Снеггті, Доббиді және басқа да сүйікті кейіпкерлерді көрді. Әрбір актердің костюмі, бейнесі мен гримі мұқият әзірленді. Соның арқасында қатысушылар өзін нағыз сиқыр әлемінде жүргендей сезінді.

Балалар сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсіп, әсерлі сәттерін бөлісті. Интерактивті ойындарға белсене қатысқан балалармен бірге ата-аналар да қойылымнан ерекше әсер алды. Шоу бағдарламасы *барлық жастағы көрермендерден жоғары бағаға ие болды. Жобаға қатысқан актерлердің барлығы — отандық театр сахнасы мен креативті индустрияның кәсіби өкілдері. Қазіргі таңда шоу екі тілде ұсынылуда, ал алдағы уақытта қойылым толықтай мемлекеттік тілде өткізілуі жоспарланып отыр.

«Поттер пойызы» 12, 18, 19, 25 және 26 қазанда жолға шығады. Қараша айында да сиқырлы пойыздың қатынауы жоспарлануда. Әр сапардың ұзақтығы — 2 сағат, бағыт: *«Астана-1 — Тастақ — Астана-1» (60 км).* Жобаға қатысты толық ақпарат пен жаңартылған кестені Instagram *@poezd_pottera және @jolaushylar_tasymaly* парақшаларынан көруге болады. Отбасылық «Поттер пойызы» жобасы қазақстандық ивент-компаниясымен ұйымдастырылып, Ұлттық тасымалдаушының қолдауымен жүзеге асырылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button