Ел тынысы

Елордалық оқушылар өздері жасаған инкубатордан балапан шығарды

Астана қаласының жас зерттеушілері ерекше жетістікке қол жеткізді. «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Smart Bala» жобасы аясында №111 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары – Перизат Кеңесбек пен Айжан Жасан жетекшілері Алтынай Жолбасованың және Айнұр Кошкарованың қолдауымен қолдан инкубатор құрастырып, алғашқы балапандарды жарыққа шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Инкубация – құс шаруашылығындағы маңызды үдерістердің бірі. Оқушылар бұл тәжірибеге үлкен жауапкершілікпен қарап, бір айға жуық уақыт бойы барлық ережені сақтай отырып үздіксіз бақылау жүргізді. Инкубатор ішіндегі температура мен ылғалдылық күн сайын тексеріліп, жұмыртқалардың даму кезеңдері мұқият белгіленіп отырды.

Осы жылдың 26 қаңтарынан бастап жоба нақты нәтижесін беріп, алғашқы балапандар жұсыртқа жарып шығарды. Бұл сәт жас зерттеушілерге ерекше қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады. Өз қолдарымен жасаған құрылғының жұмыс істеп, тіршіліктің пайда болуын көру – оқушылар үшін нағыз ғылыми жетістік болды.

Жоба барысында оқушылар:

•инкубатордың құрылымы мен жұмыс істеу принципін меңгерді;
•температура мен ылғалдылықтың маңызын тәжірибе жүзінде бақылады;
•жұмыртқаның даму кезеңдерін зерттеді;
•теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, нақты нәтижеге қол жеткізді;
•жауапкершілік пен ұқыптылыққа үйренді;
•табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінді;
•тәжірибелік бақылау жүргізу дағдыларын дамытты.

Мұндай жобалар оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, теориялық білімді өмірмен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбекке баулу, зерттеушілік қабілетті дамыту және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Жас өнертапқыштардың бұл жетістігі – мектеп қабырғасындағы білімнің нақты нәтижеге ұласуының жарқын үлгісі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button