Білім
Астанада Оксфорд университетінің хабы ашылады

Астанада әлемге әйгілі Оксфорд университетінің хабы ашылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстандық университеттер Оксфордтың 32 колледжі мен 100-ге жуық институтымен бірлесе оқыту, тәжірибе алмасу және консалтинг жобаларын жүзеге асырады.
Сондай-ақ халықаралық Coursera платформасымен ынтымақтастық кеңейіп, Оксфордтың «Said Online» бизнес мектебімен жасанды интеллект бойынша курстар қазақстандық 95 университет студенттері үшін қолжетімді болады.



