Елорда тынысы

Астанада NOMAD FEST мәдени фестивалі өтті

23-24 тамыз күндері елордадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы ерекше мерекелік атмосфераға бөленді. Мұнда сән, музыка, өнер мен этнолайфстайлды біріктірген NOMAD FEST мәдени фестивалі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүр мен заманауи өнер ұштасқан мазмұнды бағдарламаға куә болды.

Фестиваль аясынды отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі ұйымдастырылып, GlobalNomads, Adili, Urpaq сынды брендтер өз коллекцияларын көпшілік назарына ұсынды.

Ұлттық киноны дәріптеген ашық ашпан астындағы «Жау жүрек мың бала» кинокөрсетілімінде белгілі актерлер Алтынай Нөгербек пен Тілектес Мейрамов көрермен мен өнердің арасын жалғаған рухани көпірге айналды.

Бұған қоса, шеберлік аймақтарында келушілерге ұлттық дәстүрге негізделген шаш өру өнері мен табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын әзірлеудің қыр-сыры үйретілді.

«NOMAD FEST – дәстүр мен заманауи өнерді тоғыстыратын жаңа мәдени алаң. Оның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды өнер мен мәдениетке баулуға ықпал ету», – дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль Астананың мәдени өмірінде есте қаларлық оқиғаға айналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button