Ел тынысы

Астанада нарко-граффити белсенді түрде боялып жатыр

Елордада нашақорлықты насихаттауға қарсы бағытталған нақты жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы және «Жас үміт» жобасы аясында тек соңғы аптада 400-ден астам тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазулар анықталып, боялды.

Есірткі граффитилері — бұл есірткі айналымына қатысы бар интернет-ресурстардың мекенжайларын таратудың бір тәсілі. Мұндай жазбалар көбінесе тұрғын үйлердің қабырғаларында, қоршауларда, трансформаторлық жәшіктерде және басқа да қоғамдық орындарда кездеседі.

Аталған жұмыс полиция, аудан әкімдіктері, сондай-ақ «Астана Жастары» еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізілуде.

Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мақсұт Нәрікбаев Университетінің студенттері де белсенді қатысуда.

«Нашақорлықты насихаттауға қарсы күрес – бұл ортақ міндет. Бірлескен күшпен қаланы тазартып, тұрғындарды қауіпті әсерден қорғап жатырмыз. «Жас үміт» жобасы бәрімізге қажет, проблемаға қарсы бірігуге көмектесетін бастама», – деп ЕҰУ студенттерінің біріатап өтті.

Астана қаласының прокуратурасы – есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені жөнінде ескертеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button