Қоғам

Астанада мектеп жанында ландшафтық бақ ашылды

Астана қаласының №8 мектеп-лицей аумағында орналасқан «ЖасЛандшафт – Табиғатты түлет!» атты экологиялық-шығармашылық ландшафтық бақтың ашылуы өтті, деп хабарлайдыastana-akshamy.kz.

Аталған жоба «Жасыл әлем» жазғы лагері мен «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, 14-16 жас аралығындағы оқушылардың бір ай бойы еңбегінің нәтижесі болды.
Бақтың жобасы ерекше мәнге ие – оның жалпы көрінісі күннің шуағын бейнелейді. Композицияның дәл жүрегінде күн энергиясымен жұмыс істейтін фонтан орналасқан, ол табиғатпен үйлесімді өмір сүру мен баламалы энергия көздерін қолданудың нышанына айналды. Ал күн сәулесі тәрізді тарамдардың шеткі бөліктерінде оқушылар мен ұстаздар пайдалы шөптер мен көкөніс дақылдарын еккен.

Жас экологтар мектеп ауласын көгалдандырып, арам шөптермен экологиялық әдістер арқылы күресті. Сондай-ақ, табиғи тастар мен ағаш элементтерін пайдаланып, ландшафттық дизайн жобаларын іске асырды. Игі бастама тек аула көркін арттыру ғана емес, балалардың табиғатқа деген жанашырлығын, шығармашылық қабілеті мен экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button