Білім

Астанада мектеп табалдырығын алғаш рет 31 мың бала аттайды

2025–2026 жаңа оқу жылында елордадағы жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптарына 31 мың бала қабылданды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сонымен қатар, Білім күні аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұлттық жоба – «Келешек мектептері» аясында 7 жаңа заманауи мектеп ашылды. Жаңа білім ордалары бір ауысымда 14 мың оқушыны қамтуға арналған және заманауи стандарттарға сай жабдықталған.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басында елордада 206 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 122-сі – мемлекеттік, 77-сі – жекеменшік және 7-еуі – республикалық мектеп. Жалпы оқушы саны 310 мыңнан асады.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың 2025–2027 жылдарға арналған жоспары бойынша 22 мектепке жөндеу жүргізу көзделген. 2025 жылы оның ішінде 6 білім ошағы күрделі жөндеуден өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button