
Астана қаласындағы бірқатар мектепте білім беру ұйымдарының басшылары педагогтерге арналған кеңес өткізді. Кездесу барысында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жиын барысында спикерлер осыған дейін мемлекеттік мүддені қорғауға басымдық берілгенін, ал жаңа Ата заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты бағыттардың біріне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің қоғам өміріндегі маңызы мен оның білім саласына ықпалы жөнінде пікір алмасу өтті.
Кеңес аясында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай кездесулер ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі маңызды реформалар туралы жан-жақты ақпарат алуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қала бойынша 20 мектепте өткен бүгінгі кездесулерге екі мыңға жуық педагог қатысты.



