
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық инфекциялық орталығы» ШЖҚ МКК-да ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы республикалық референдумды түсіндіру науқаны аясында медицина қызметкерлерімен мкидкездесуі өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Жиын барысында Негізгі Заңның түйінді ережелері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, әділдік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерін нығайтуға бағытталған конституциялық реформалар мен алдағы өзгерістер талқыланды.

Кездесуде ұсынылып отырған реформалардың әлеуметтік саланы, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін одан ары дамытудағы маңызына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық процестерге белсенді қатысу мәселелері сөз болды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойғанын жаздық.



