Ел тынысыСаясат

Астанада мамандандырылған балалар үйінің ұжымымен кездесу өтті

Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара қаланың Мамандандырылған балалар үйінде өтті.

Кездесу барысында қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың қоғам дамуына ықпалы туралы пікір алмасты. Спикерлер жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин, Бауыржан Қасымбергебаев, сондай-ақ қоғам қайраткері Фарида Даримова қатысты.

Кездесу барысында Азамат Айтхожин жаңа Конституция жобасының қоғамның тұрақты дамуына бағытталғанын атап өтті.
«Жаңа Конституция – еліміздің болашақ дамуына негіз болатын маңызды құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституция жобасының қоғамның түрлі салалары үшін маңызына тоқталып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button