Ел тынысы

Астанада «Крещение Господне» діни мерекесі қалай атап өтіледі?

Биыл «Крещение Господне» діни мерекесі 18-19 қаңтар күндері елорданың барлық православие шіркеуінде атап өтіледі. Негізгі құлшылық рәсімдері Успен кафедралды соборында, Константино-Еленин шіркеуінде және Серафим Саровтың шіркеуінде өтеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін уәкілетті қызметтер тарапынан барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданады. Діни іс-шараның ұйымдастырылуы барысын елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқали, Успен кафедралды соборының аға діни қызметкері Дмитрий Байдек, Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

18 қаңтар күні сағат 19:00-де Республика даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан Константин-Еленинский соборынан, Ғұмар Қараш көшесі бойымен Есіл өзеніне дейін діни шеру (Крестный ход) өтеді. Осы жерде суды ұлы қасиеттеу рәсімі орындалады.

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің сол жағалауындағы «Астаналық» саябағының жағалауында (орталық жағажай) орнатылды. Шомылатын орындар 18 қаңтар күні сағат 20:00-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін қолжетімді болады.

Дәстүрлі шомылу рәсімі 19 қаңтар таңғы 8:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасатын болады. Барлық шомылу орыны қауіпсіз баспалдақтармен және қоршаулармен жабдықталады. Азаматтардың қолайлылығы үшін аумақ жеткілікті жарықтандырылады. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған жылыту пунктері ұйымдастырылады.

Шара барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері тартылады. Сонымен қатар шомылу орындарында жедел медициналық жәрдем бригадалары кезекшілік етеді. Құтқару қызметі судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылап, медициналық қызметкерлер қатысушыларға жедел көмек көрсетуге дайын болады.

Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, мұздай суға түсер алдында өз денсаулық жағдайын объективті бағалауға және құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға шақырады.

Іс-шаралар діни іс-шараларды сақтауға және сенушілер мен мерекеге қатысқысы келетіндердің барлығына жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button