Ел тынысы

Астанада Конституцияның 30 жылдығы қалай атап өтіледі?

Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылады. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

23 тамыз күні Байқоңыр ауданы әкімінің кубогы үшін мемлекеттік органдар арасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында футбол турнирі өтеді.

24 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ұлытау» спорт-сауықтыру кешенінде қыздар арасында қала чемпионаты – ашық волейбол жарысы ұйымдастырылады. Сол күні Триатлон саябағында «ALMATY RUN» жүгіру марафоны өтеді.

25 тамызда сағат 15:00-де №4 қалалық кітапхана оқырмандарын «Ата заңымыз – айбатты!» атты құқық сабағына шақырады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер арасында шахматтан жарыс өтеді. Е.Серкебаев атындағы балалар музыка мектебі осы күні «Конституция – бірліктің символы» атты челленджді бастайды.

26 тамызда Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі «Айбарлы асқар елді асқақтатар ата заң!» тақырыбында поэзия байқауын өткізеді.

27 тамыз күні қала тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды танымдық бағдарлама күтіп тұр.

Бұл күні Астанада 13-14 және 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында велоспорттан «Астана қаласының кубогы», сондай-ақ кіші разрядтағы спортшылар арасында көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтеді.

«Жетісу» саябағында ерекше балаларға арналған инклюзивті фестиваль ұйымдастырылады. Сонымен қатар, елордалық жастардың ақсақалдармен кездесуі өтеді. Ұрпақтар диалогы «Біздің заң – біздің болашақ» тақырыбына арналмақ.

Жастар ұйымдары экологиялық акция өткізіп, Конституция көшесіндегі саябақты тазалайды.

Сағат 11:00-де Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарға арналған «Ата Заң – алтын діңгегіміз» атты көрме мен тағылым сағатын дайындайды.

Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылы: мемлекеттілікті нығайту және заң үстемдігі» атты кездесу өтсе, Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығында «Конституция – тәуелсіздіктің тірегі» атты көрме ашылады.

Есіл ауданының әкімдігі №103 орта мектепте «Конституция және мен» тақырыбында BIR TOLQYNDA диалог алаңын өткізеді. Ал Байқоңыр ауданының әкімдігі «Ата Заң» тақырыбында поэзия байқауын ұйымдастырады.

28 тамыз күні сағат 10:00-де зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Айбарлы асқар елді асқақтатар ата заң» атты таным сағаты өтеді.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы «Адалдық – сенім» атты челленджді бастайды.

Елордадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары арасында «Конституция – әділет пен бірліктің кепілі» тақырыбында пікірталас өтеді.

Байқоңыр ауданының әкімдігі 25 тамызда балалар арасында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты сурет байқауын өткізсе, 29 тамызда «Kitap Qala» кітапханасында «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырады.

27-28 тамызда Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында еңбек ардагерлері арасында үстел теннисі мен шахматтан жарыстар өтеді.

29-30 тамызда да бірқатар іс-шара жоспарланған.

28-30 тамыз күндері Нұра ауданында спорттық жарыстар легі өтеді. 28 тамызда сағат 10:00-де №79 мектепте Конституция күніне орай «Ата заңым – айбыным» атты оқушылар арасында шахмат турнирі өтеді. 29 тамызда сағат 09:00-де №78 мектепте аудан мекемелері қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылады. 30 тамызда сағат 09:00-де №79 мектепте Нұра ауданы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

29 тамызда сағат 11:00-де «АЛЖИР» музей-мемориалды кешенінде «Ата заңым – айбыным» атты дәріс өтеді.

«Алатау» спорт кешенінде осы уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту сайыстары ұйымдастырылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button