Қоғам

Астанада «Kids and innovation: Идея. Даму. Креатив» форумы өтуде

Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған республикалық «Kids and innovation: Идея. Даму. Креатив» форумы өтіп жатыр. Форум алаңында балабақшалардағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи инновациялық шешімдер мен әдістер ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

Форум қатысушылары үздік білім беру тәжірибелерімен танысып, педагогикалық әдістер мен жаңа технологияларды балабақшаларда тиімді қолдану жолдарын талқылай алады.

Іс-шара аясында инновациялық әдістемелер, «Цифрлы әлемдегі балалық шақ» көрмесі, мектепке дейінгі білім беруді дамытуға арналған тың идеялар мен жаңалықтар ұсынылған.

Форумның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы тәжірибе алмасу және заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінің талаптарына сай келетін идеялар алаңын құру.

«Маған балалар арасында робототехниканы танымал ету идеясы ұнады. Егер оны ерте жастан үйретсек, болашақта елімізде осы саланың мамандары көбейеді. Бұл қазіргі заманғы мемлекет үшін өте қажет әрі сұранысқа ие сала», – деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.

Форум аясында келесі секциялық отырыстар ұйымдастырылды: «Икемді және бейімделген оқыту тәсілдері: әр балаға жеке оқу үдерісін қалай құруға болады», «Эксперименттік алаңдардың рөлі: инновациялық тәжірибелерді балабақшаларға енгізу», «Жасанды интеллект негізіндегі интерактивті білім беру».

«Қазір баланың дамуын жаңа технологиялар мен жасанды интеллекті меңгерусіз елестету мүмкін емес. Елорда балабақшалары білім беру жүйесінде бұл технологияларды белсенді қолданатынына қуанамын. Бүгінгі форумда қатысушылардың, идеялар мен технологиялардың көп болғаны мені қатты қуантты», — деді елорда мәслихатының депутаты Бауыржан Қасымбергебаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button