Ел тынысы

Астанада ITF Futures Series турнирі мәресіне жетті

Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series бойынша бірінші турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орталық Азия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Жапония, Аустралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және өз еліміздің өкілдері қатысып, бірнеше күн бойы бақ сынады.

Ерлер арасында жекелей сында тұрақты ойын өрнегін көрсеткен жапониялық Фудзимото Ёшинобу чемпион атанса, аустралиялық Мартин Данн финалға дейін жетті.

Әйелдер арасында ресейлік Виктория Львова үздік шықты. Ол финалда Беларусь өкілі Людмила Бубнованы ұтты.

Ерлерден жұптық сында соңғы бәсекеде Мартин Данн — жапониялық Тачи Томояны тізе бүктірген Фудзимото Ёшинобу — оңтүстіккореялық Джи Хван Ли жеңіс тұғырына көтерілді.

Әйелдерден жұптық сында қазақстандық Айжан Бітімбаева оңтүстіккореялық Пак Чжу-Ёнмен бірге Қазақстан тарихында алғаш рет ITF Futures Series додасының финалына дейін жетті. Олар Виктория Львова — қырғызстандық Әмина Манғұтоваға ғана есе жіберді.

Қазақстан теннис федерациясы өкілдерінің сөзіне қарағанда, алда ITF Futures Series бойынша екінші турнир өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ITF Futures Series турнирі өтетінін жазған болатынбыз.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button