Ел тынысы

Астанада ІІ Орталық Азия медиа форумы басталды

Елордада  ІІ Орталық Азия медиа форумы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға саясаткерлер, журналистер, медиакомпаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ БАҚ сарапшылары қатысуда.

Форумға Қазақстан, Өзбекстан,  Қырғызстан,  Әзербайжан,  Тәжікстан, Ұлыбритания,  Қытай,  Катар, Ресей және басқа елдерден 700-ден астам делегат қатысып отыр.

Форумда Орталық Азия медиа ұйымдары мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, БАҚ-тың цифрлық трансформациясын және оның аймақтың ақпараттық кеңістігіне әсерін талқылау, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін зерттеу, тұрақты дамуды қолдау және климаттың өзгеруі,  геосаяси тұрақсыздық және олардың Орталық Азияға экономикалық әсері сияқты өзекті жаһандық сын-қатерлерді талқылануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button