Қоғам

Астанада HoReCa Forum өтеді

 2025 жылғы 11–13 маусым аралығында Астанада Қазақстан мен ТМД елдерінің қонақ үй және мейрамхана саласының мамандарын біріктіретін HoReCa Forum өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оған қонақжайлылық саласындағы заманауи трендтер, инвестициялар, франшиза, команда құру, маркетинг және цифрлық технологиялар жөнінде 30-дан сала көшбасшысы қатысады.

Форумда Hilton, InterContinental, Accor және Radisson тәрізді халықаралық қонақ үй желілері өкілдері, ABR және Novikov Group мейрамхана индустриясының көшбасшылары өз тәжірибелерімен бөліседі.

Спикерлер қатарында: Екатерина Пугачева (The World’s 50 Best Restaurants байқауының қазылар алқасының төрайымы), Артем Канцев (Qazaq Gourmet мейрамханасының шеф-аспазы), Руслан Закиров («Огонек», AUYL, Spiros мейрамханаларының шеф-аспазы), Евгений Чеканин (Selfie мейрамханасының шеф-аспазы) және Жан Ашнер (ETRO).

Франчайзингке арналған бөлек секцияда Гүлбану Майгарина (Lanzhou желісі) және Александр Кроитор (Novikov Group) білімдері мен дағдыларын ортаға салады.

Күні: 2025 жылғы 11–13 маусым
Өтетін орны: «EXPO» ХКО, Астана
Қатысу үшін өтінім беру:
https://horeca-forum.kz/
Тел.: +7 705 986 5110 , +7 928 309 5110 (WhatsApp)

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button