Қоғам

Астанада Gastro Fest өтуде

Астанадағы MEGA Silk Way сауда, ойын және сауық орталығында ерекше гастрономиялық ай – Gastro Fest өтуде. Бір ай бойы келушілерді креатив пен дәмге толы мереке күтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты идеясы – әрбір келушіні гастрономиялық саяхатқа жетелеу. «Әрбір сет – бұл дәм мен шабыттың тоғысы, ал Gastro Fest – гастрономия мен шығармашылықтың ортақ алаңы», – дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль бағдарламасында келушілер үшін ашық дегустациялар, Instagram-дағы «Аптаның үздігі: ТОП-5 сет» айдары, танымал аспаздар қатысатын бейнероликтер және «Құпия ингредиент» сынды интерактивті онлайн ойындар қарастырылған.

Бір ай бойы орталық тұрғындар мен қонақтарға жаңа дәмдерді ашуға, ерекше атмосфера мен шабыт алуға мүмкіндік сыйлайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button