Елорда тынысы
Астанада электросамокаттар маусымы қайта басталды

Астанада электросамокаттар маусымы қайта басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ыңғайлы әрі танымал бұл көлік құралы жарақаттар мен жол апаттарына да себеп болып отыр. Негізгі проблемалар – жылдамдықты асыру, тротуармен жүру, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіру және жолға шығу.
Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
•Екі адам мінуге болмайды;
•Жолға шықпаңыз;
•Жаяу жүргіншілерге кедергі жасамаңыз;
•Қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Самокат – ереже сақталғанда ғана қауіпсіз. Мұны балаңызға түсіндіріңіз!