Әлеумет

Астанада электр және жылу энергетикасындағы біліктілік бойынша салалық кеңес өтті

2025 жылғы 27 маусымда электр және жылу энергетикасы саласындағы кәсіби біліктіліктер бойынша салалық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға офлайн және онлайн форматта 70-тен астам сала өкілдері қатысты. Олардың қатарында: Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, сондай-ақ негізгі салалық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері: “Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы” ЗТБ, “Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы” АҚ, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестік өкілдері, ҚР БжҒ министрлігіне қарасты ЖОО-лар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі, “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ, сондай-ақ энергетика секторының жұмыс берушілері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырыс барысында электр және жылу энергетикасында кадрлар даярлаудың негізгі мәселелері талқыланып, төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды:

– дуалды оқыту жүйесін дамыту;
– студенттерді даярлауға қатысатын кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру;
– түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері;
– кәсіби стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын жаңарту.

Күн тәртібіндегі өзекті тармақтардың бірі салалық біліктілік шеңберін жаңарту және кәсіби стандарттарды өзектендіру болды. Отырыс шеңберінде энергетика саласы үшін мамандар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болатын кәсіби стандарттардың жаңа нұсқалары келісілді.

Жиынға қатысушылар білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер мен салалық құрылымдар арасындағы тұрақты өзара байланыстың маңызды екендігін атап өтті. Бұл бас қосу энергетикадағы кәсіби біліктілікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып есептеледі және алдағы уақытта да жалғасатындығы айтылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button