Uncategorized

Астанада эко-айлықтың алғашқы күні өтті

Елордада 13 қыркүйекте дәстүрлі экологиялық айлық – «Таза Қазақстан: Таза Астана» басталды. Ол «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды акция аясында өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға 25 мыңнан астам қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері, спорт және мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ МИБ (ПИК) және өзге де ұйымдар қатысты.
Эко-сенбілік барысында 86 тоннадан астам қоқыс жиналып, мыңнан аса жасыл желек отырғызылды.

Акция аясында қалада санитарлық тазалау жүргізіліп, нөсер және арық желілері жуылды, көшелер мен тротуарлар, аулаішілік аумақтар тазартылды. Бұған қоса, аулалар абаттандырылып, балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды, қоғамдық кеңістіктердегі тасжолдар, жиектастар мен шағын сәулет нысандары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау мен отырғызудың маусымдық агротехникалық жұмыстары атқарылды, сауда нысандарының маңайы ретке келтірілді, заңсыз қоқыс орындары жойылды.

Экоакцияның негізгі мақсаты – қала көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Айта кетейік, елордада экологиялық айлық 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін жалғасады. Қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға кез келген тұрғын мен ұйым өз үлесін қоса алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button