Елорда тынысы

Байқоңыр ауданында “Эгалите” тұрғын үй кешені абаттандырылып, салтанатты түрде ашылды

Байқоңыр ауданының Абай даңғылы, 92/1 мекенжайында орналасқан «Эгалите» тұрғын үй кешенінің ауласы қайта абаттандырылып, салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ауланың ашылу құрметіне ашық аспан астында кең дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Абаттандыру жұмысы аясында 7000 шаршы метр асфальт жабыны, 1 100 шаршы метр кеспетас төселді.

Балалар мен спорт алаңдарына 500 шаршы метр тартан жабындысы жайылды. 150 көлікке арналған автотұрақ жайластырылып, 100 велосипедке арналған велотұрақ орнатылды.

Сонымен қатар, 12 шағын сәулеттік форма мен 8 спорттық құрылғы қойылып, 320 метр жасыл желек қоршауы аулаға көрік берді.

Айта кетейік, аталған тұрғын үй кешені үшін өзекті мәселенің бірі – тұрғын үйге іргелес орналасқан ескі, заңсыз үйдің сүрілуі болды. Бүгінде оның орны кең әрі ыңғайлы автотұраққа айналды.

Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аула жарықтандырылып, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдар да жаңартылды.

«Эгалите» ауласы енді тек демалуға арналған кеңістік қана емес, тұрғындардың күнделікті өміріне жайлылық сыйлайтын қауіпсіз әрі заманауи ортаға айналды.

Еске сала кетейік, биыл Астанада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылуда. Бұл жұмыстар қаланың барлық аудандарын, соның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазіргі таңда сол жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button