Қоғам

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 10-11 қаңтар аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет өнімдерін, ұн және сүт өнімдерін, наубайхана тауарларын, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.

Жәрмеңке 10 және 11 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Өтетін орны: «Keryen Joly» сауда орталығы, Алаш тас жолы, 35Б.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button