Қоғам
Астанада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

Астанада жаңа жыл қарсаңында бұқаралық «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» спорттық шарасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» спорттық іс-шарасы 2025 жылдың 28 желтоқсанында Триатлон паркінде өтеді.
Іс-шараның басталуы сағат 10:00-ге жоспарланған.
Қатысушыларды тіркеу сол күні сағат 08:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға қатысушылар саны 1200 адаммен шектелген.
Шара барысында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Айта кетерлігі, «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» шарасына қатысу тегін.



