Ел тынысы
Астанада білім беру нысандарының аумақтары қар мен қоқыстан тазартылуда

Астанада Таза Қазақстан жобасы аясында білім беру ұйымдарының аумақтарында кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілуде. Игі бастама шеңберінде мектептер, колледждер және балабақшалардың аулалары қардан тазартылып, жиналған қоқыс қалдықтары шығарылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында қала бойынша 800-ден астам білім беру мекемесіне тиісті тапсырмалар берілді. Бұл шаралар әрбір нысанның аумағын ретке келтіріп, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Тазалық жұмыстары білім беру мекемелерінде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырумен қатар, оқушылар мен педагогтердің экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Жоба аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.



